Атыраулық мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі ошақтарын атады

(0 Votes)

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі ошағы қоғамдық орындар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Адамдар көп жағдайда сауда үйлері, базарлар, медициналық ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындарына бару арқылы қатерлі дертке шалдығуда. Сондай ақ, адамдардың еске алу, мерейтой, үйлену тойлары сынды отбасылық шараларға жиі қатысуы арқылы да, ​ коронавирус инфекциясы өршіп жатыр.

«Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу қауіпті инфекцияны жұқтыру ошағының ​ 35,8%-ы аталған орындар екенін көрсетіп отыр.

Науқаспен ​ жақын қарым – қатынаста болғандар, қоғамдық көлікті жиі пайдалану, ​

вахталық кенттерде жұмысшылардың өзара тығыз қарым-қатынаста болуы да инфекцияның таралу ошағына айналып отыр» делінген ​ Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, соңғы жеті күнде, яғни 10-17 қаңтар аралығында Атырауда ​ 3227 адам коронавирус жұқтырды.

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Эльмира

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика