Айсұлу – үздік педагог!

(0 Votes)
Айсұлу – үздік педагог!

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауы өтті. 

Аталған байқау - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдерін іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибені анықтауды мақсат етті. Тартысқа толы 4 кезеңнен тұратын байқауға жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардан 13 педагог қатысты. Нәтижесінде, алғыс хатпен «Шапағат» шипажай-бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Гүлбаршын Жақсыбаева, «Креативті педагог» номинациясымен «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Замира Камешова марапатталды. Сондай-ақ, «Өнерлі педагог» номинациясымен Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің тәрбиешісі Гүлфара Нұрманова, «Жаңашыл педагог» номинациясымен М.Баймұханов орта мектебінің тәрбиешісі Лаура Қанатбаева, «Іскер педагог» номинациясымен «Ботақан» ясли-бақшасының тәрбиешісі Жанат Аналбаева марапатталды.

Ал, үздік үштіктен көрінген «Нұрбөбек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Айгүл Тасмағанбетова III орынмен, «Болашақ» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Ақмарал Қожырова жүлделі II орынмен марапатталды.

Өзгелерден дара шауып, жүлделі I орынды «Ботақан» ясли-бақшасының №1филиалының тәрбиешісі Айсұлу Тілесбаева иеленіп, «Үздік педагог» атағын иеленді.

Алдағы уақытта Айсұлу Тілесбаева облыстық кезеңде бақ сынайтын болады.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521