Жат ағымдардан сақтандырды

(0 Votes)

Аудандық Ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында жастарды жат діни ағымдардың теріс ықпалынан сақтау мақсатында кешенді шаралар өткізілді.

А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде "Зайырлық мемлекет ұғымы және қағидаттары" тақырыбында және О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде "Ұлттық құндылық және ұрпақ" тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандарбек Сарбасов, "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық қорының теолог маманы Шүкіриддин Темірқұлұлы ақпараттық талдау орталығының маманы Раушан Алиева, еңбек ардагерлері Қуат Мыңтұрғанов, Роза Үмбетова және мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.  Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі рухани-имандылық және діни құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен шарада өзекті мәселелер талқыланды. 

alieba                 

Кездесуде теолог маман Шүкіриддин Темірқұлұлы имандылық жолын интернеттен іздемей, мешіт имамдарынан дәріс алумен алмастыруға шақырды. Экстремизмнің түрлеріне тоқталып, өмірде болған оқиғалардан мысалдар келтірді.             

Деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетіп, арбауына түсетіндердің дені – жастар. Сондықтан, олардың жат ағымдардың теріс идеологияларына қарсы иммунитетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта жастарға түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да белсенді жалғасатын болады деп тарқасты мамандар.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT