Партия филиалының төрағасы тағайындалды

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI партия конференциясы өткізілді.

Шараға «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қасымұлы,  аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы, аудандық филиалдың Саяси кеңесі мүшелері, партия ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, жергілікті атқарушы орган басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері қатысты.

img_0919

Жиынды жүргізген  партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағамбетов конференцияның мандат және есеп комиссиясын, хатшылығын сайлап алған соң, күн тәртібіндегі мәселелерді бекітті. Алқалы жиында күн тәртібіне төрт мәселе ұсынылды. 

img_0936     

 «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасын сайлау мәселесі бойынша Б.Қарабаев  ұсынысымен аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы бірауыздан cайланды.

Бақберген Қарабаев аудандық партия төрағасы Шәкір Кейкиннің мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинаған іскерлігіне тоқтала келе, алдағы уақытта ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жемісті қызмет етуіне тілектестігін білдірді.  

img_0971                   

Шара соңында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев  және аудан әкімі Шәкір Кейкин партия қатарына қосылған 10 мүшеге салтанатты түрде партиялық құжат табыстады.

img_0973

Конференция соңы «Досарт» триосының орындауындағы «Елім менің» әнімен қорытындыланды.

Толығырақ газетіміздің №46 (952) санынан оқи аласыздар.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521