Аудан әкімінің 2019 жылғы 2 шілдедегі №205-ө өкіміне сәйкес «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Сарбасов Жандарбек Абдрахимұлы тағайындалды.
Сарбасов Жандарбек Абдрахимұлы 1980 жылы 27 желтоқсанда Доссор кентінде дүниеге келген. Білімі –жоғары.
2001 жылы қазіргі заманғы университетінің Атырау облысы бойынша филиалында заңгер, 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында Доссор поселкесі әкімі аппаратының бас маманы болып бастады.
Жандарбек Абдрахимұлы 2007 жылдың желтоқсан – 2008 жылдың наурыз айы аралығында Қошқар поселкесі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған болатын.
2008-2011 жылдары аралығында Мақат ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық және әскери жұмылдыру бөлімінің бас маманы, 2011-2013 жылдары аралығында Мақат аудандық Әділет басқармасының бас маманы болып, 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.