Ел чемпионатына жолдама алды

(0 Votes)

Атырау қаласында муайтайдан 6-7,8-9,10-11,12-13 жас аралығында муайтайдан облыстық ашық чемпионат өткен болатын.

Жекпе-жек сайысына доссорлық жас 23 муайтайшылар қатысып, барлығы дерлік жүлделі орындардан көрінді. Алматы қаласында өтетін ел чемпионатына іріктеу сайысында спортшылар қоржынға 9 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль салды. Нақтырақ айтсақ, Рамазан Қайратұлы,  Әділжан Сатыбалдиев, Ерназар Ізбергенұлы, ЕрназарТүгелбай, Нұржау Бектілеу, Расул Түсіпқали, Багдан Полфунтиков, Әли Болатқали, Асылхан Түгелбай І орынға ие болса, Әділет Абзалұлы, Темірлан Сайлау, Әділет Құбайдолла, Әлихан Бауеден, Асылан Рысқали, Кирилл Полфунтиков ІІ орынмен марапатталды. Ал Азат Абзалұлы, Ерболсын Түсіпқали, Арсен Қаршыға, Сайфулдин Марат, Даулет Мұратов, Санжар Қайрат, Әли Құрманғали ІІІ орынды місе тұтты.   

b6b8756e-05ee-48b3-8486-afe94b47da9d             

Жас жеткіншектердің бұл жеңісі бапкерлері Ислам Галиев және Нұрлыбек Ордабаевтың еңбегінің арқасы екені белгілі.

42691144-4950-4f9c-ac84-1c74d496b43d

Апта басында жергілікті 11 спортшы Атырау құрама командасы сапында Алматы қаласына 8-9,10-11,12-13 жас арасында өтетін Қазақстан чемпионатына жолға шықты. Байрақты бәсекеден муайтайшыларымыз жеңіспен оралсын дейміз!

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521