«Бірлік» және «Ынтымақ» тұрғындары Ораза айт мерекесін тойлады (+ВИДЕО)

(0 Votes)

 Рамазан айының аяқталуымен келетін үш күндік Ораза айтының қадір-қасиеті ерекше. Бұл мерекені Доссор кентіндегі «Бірлік» және «Ынтымақ» ықшам аудандарының тұрғындары ерекше атап өтті. Орталық саябаққа киіз үй тігіліп, ауыл халқына айт дастарханы жайылды. Ал кішкентай балақайларға тегін балмұздақ үлестірілді. 

Сондай-ақ, жүлде қорын қамтыған ұлттық спорт (қол күрес, арқан тартыс, қой көтеру, садақ ату) түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Ауыл жастарымен қоса үлкендер де сайысқа қатысып, үлгі боларлықтай өнеге көрсетті.

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан марапаттау қағаздары мен түрлі сыйлықтар үлестірілді. Халық бар ынта-жігерімен қатысушыларға жанкүйер болып, дүбірлеп өткен қызу жиынның куәсі болды.

Өз ұйымшылдықтарымен танылған ауыл жастары осылайша үлкендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап әрбір мұсылман баласына ыстық мерекені сән-салтанатымен атап өтті.

Тұрғындар риза болып оқылған құранға қол жайып, өте жақсы әсерде тарқасып, ақ баталарын берді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT