Белсенді партия мүшелері іріктелер сәт туды

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясының праймеризі 2020  жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында өтеді.

Бұл жөнінде "Nur Otan»партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев праймеризді ұйымдастыру, өткізу жұмыстарын талқылау жөнінде өткен жиын барысында айтты.

Партияішілік іріктеу кезеңіне дайындық жұмыстарын талқылау үшін болған жиынға партияның аудандық  филиалының төрағасы  Шәкір Кейкин, бірінші орынбасары Әсел Қаржауова, мәслихат хатшысы Қуаныш Исмагулов, мәслихат депутаттары, аудандық ұйымдастыру комитеті, аудандық, учаскелік есеп комиссиясы, мобильді топ құрамы, филиал қызметкерлері қатысты.

img_2591

Әуелі аудандық партия филиалының Праймеризге дайындығы жөніндегі жұмыстары туралы Әсел Қаржауова баяндады.

Жиында  праймериздің артықшылығына көбірек тоқталды. Біріншіден, партия мүшелері сайлауға кімдер кандидат боп қатысатынын біліп қана қоймайды, оларды іріктеуге атсалысады. Бағдарламаларымен танысады, кандидаттың мүмкіндіктерін, өмір жолы мен тәжірибесін зерттей алады.

 Екіншіден, праймериз кезінде кандидаттың, партияның бағдарламасын жария түрде әзірлеу мүмкіндігі туады. Праймеризге қатысқан әр азаматтың ұсыныстары болашақта партия фракциялары басшылыққа алатын негізгі құжатқа айналады.

img_2579

 Үшіншіден, сайлауға қатысу белсенділігіне де праймериз оң әсер етуі тиіс. Өйткені, кандидаттарды іріктеуге қатысқан адам, сайлауда өз кандидаты үшін дауыс беруге тікелей мүдделі болмақ.

Негізгі мақсат – партия мүшелерінің ішінде халықпен етене жақын, беделді әрі қабілетті, өңірлердегі өткір мәселелерді шешуде аса белсенділік танытып жүрген партия мүшелерін іріктеу. Ережеге сәйкес, праймериздің міндеті «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша шынайы және белсенді, бастамашыл азаматтарды партия қатарына тарту, елді дамыту мәселелерін талқылауға көпшілікті жұмылдыру, аймақтардағы жүйелі жұмыс үшін өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ, кандидаттардың жеке жауапкершілігін арттыру. Праймеризге қатысқысы келетіндер, әрине, депутат болғысы келеді. Алайда, олар өздеріне артылған сол жауапкершілік жүгін қаншалықты атқара алады? Халықпен жұмыс істей ала ма? Олардың мұң-мұқтажын, өзекті мәселесін шешуде біліктілігі мен тәжірибесі жетеді ме? Оларды шешу жолдарының механизмін біледі ме? Мәселе осында.

img_2611

Мәслихат депутаты болам деген адам бұрынғыша өз кандидатурасын ұсына салмайды, филиал төрағасымен, не әкіммен жақсы қарым-қатынаста болуы да жеткіліксіз. Енді болашақ кандидаттар өз ұстанымдарын, бағдарламаларын ашық бәсекелестік жағдайында көпшілікке таныстырып, жақтастар жинауы қажет. Осы жерде Nur Otan партиясының партияға мүше емес азаматтарға да кандидат ретінде праймеризге қатысу мүмкіндігін ұсынып отырғаны - қоғамның дамуы үшін оң қадам.

img_2606

 Праймериз қарсаңында «Nur Otan» партиясы мүшелері арасында үгіт-насихат жұмыстары күшейтіліп, кандидаттар арасында дебаттар ұйымдастырылатын болады.  Үміткерлер арасында партиялық тізімде әйелдер 30 пайыздан, ал, жастар 20 пайыздан кем болмауы керек. Партияны нығайту үшін мықты лидерлерді жастардың арасынан іріктеп алу қажеттігі жайлы соңғы кездері жиі айтылып жүр. Осы праймериз арқылы белсенді, бастамашыл, өз ісіне адал, елге көшбасшы бола алатын азаматтарды табу мүмкіндігі туады. Шынайы бәсекелестік ортада топ жарып шығам деушілерге тамаша мүмкіндік беріліп отыр.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

 

Г.САЛИКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT