Халыққа суды таза және жеткілікті мөлшерде ұсыну - әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамудың негізгі факторларының бірі.
Сондықтан тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі басты назарда.
Осы ретте Мақат кентіндегі 1975 жылы өз жұмысын бастаған №1, 2, 3 және 4 (әрқайсысы 2000 текше метр болатын) ауыз су резервуарларына өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба жасақталған болатын.
Биыл жылы аталған су қоймаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаражат бөлінді.
Ә.Қасым