Қашық жерді жақындатқан жаңалық

(0 Votes)

Мақат аудандық сотында «Виртуалды сот» жобасы қолға алынды. Қазіргі таңда аудандық сотта 15 азаматтық, 3 әкімшілік іс «SMART сот» арқылы қаралған.

Соның бірі өткен аптада Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бап 1 бөлігімен Ж.С. есімді құқық бұзушы Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Теңіз вахталық кенінде жұмыста жүріп, аудандық сотқа келместен, смартфон телефоны арқылы сот ісіне тиімділігін пайдалана отырып, «SMART сот» жобасы аясында сот отырысы жүргізілді.

Азаматтарды сот отырысына шақырту СМС хабарлама арқылы жолданады. Азаматтың хабарламаны алғаны, оқығаны көрініп тұрады. Сонымен қатар азамат (ша) сот отырысына келе алмаса, смартфон телефонына «TrueConf» бағдарламасын орнату арқылы «SMART сот» жобасы аясында сот отырысына қатыса алады.

IT-технологиялар сот төрелігінің ұтқырлығы мен ашықтығын арттырады, процесті жеделдетуге мүмкіндік береді және сот төрелігін іске асыруға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Аталған «TrueConf» мобильді қосымшасы бейнеконференцбайланыстың кәсіби жобасы болып табылады. Қазіргі таңда «Виртуалды сот» жобасы республика соттарымен кеңінен қолданылуда және аталған бағдарламамен www.trueconf.kz сайтында толығырақ танысуға болады.

А.ИНЕРБАЕВ,

аудандық соттың сот приставы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521