Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Нью-Йорк қаласына жасаған жұмыс сапары еліміздің сыртқы саясаттағы маңызды бағытының одан әрі дамуы деп білемін.
Сондай-ақ, ел Президентінің сапар аясындағы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясына қатысуы әрі жалпы дебатта еліміздің атынан мінберде сөз сөйлеуі еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
Сонымен қатар, мемлекет басшысының бірқатар елдердің басшыларымен, халықаралық ұйымдар және шетелдік компания өкілдерімен кездесуі Қазақстанға жаңа инвестициялар тартуға көмектеседі деп ойлаймын.
Өз кезегінде бұндай кездесулер мен келіссөздер елдің халықаралық беделін арттырары сөзсіз.
Ботакөз Асхатқызы