Тәрбиеленушілер саны – 19959, оның ішінде мемлекеттік балабақшаға барып жүргендер – 11783 және мемлекеттік тапсырыс алып отырған жеке меншік балабақшада - 7823, шағын орталықтағы балалар – 353 (9 мемлекеттік шағын орталық). Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100-%, 2-6 жас 80% құрайды. Жыл басынан 45 мемлекеттік, 77 жеке меншік бөбекжай мемлекеттік тапсырыс алып отыр. Мемлекеттік–жекеменшік әріптестік аясында 290 орындық 9 балабақша ашылып, қолданысқа берілді.
-Атырау қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 17 мың бала кезекте тұр. Бүгінде балаларды кезекке қою және қабылдау толықтай автоматтандырылған. ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген балабақшаларға кезекке тұру және жолдама алудың жаңа ережелерге көшуіне байланысты біріңғай кезектілікке ауысу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жаңа ереженің тиімділігі – ата-анаға төрт балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік беріледі. Содан соң 1414-тен өзі таңдаған балабақшаға кезекке қойылды деген мемлекеттік қызмет көрсету хабарламасы келіп, электронды жолдама беріледі,- деді А.Дүйсекенова.