Атырауда «Sarayshyq upgrade - 2024» халықаралық жастар форумы басталды

Атырауда «Sarayshyq upgrade - 2024» халықаралық жастар форумы басталды
(0 Votes)

Екі күнге созылатын форум жасанды интеллект, маркетинг, музыка және кинематография, театр, хореография бағыттарын қамтиды. 

Былтыр облыс әкімі Серік Шәпкенов мұндай форумды дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуді ұсынған еді, өйткені бұл жастарға берілетін зор мүмкіндік.

Мәселен, былтыр форумға «Музыка» бағыты бойынша қатысқан атыраулық «KEZEN» тобы Астанада өткен «YouFest» фестиваліне шақырылып, алғаш рет эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетті. Ал «Кинематография» бағыты бойынша қатысқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің студенті Орынбасар Нариманның отандық фильмдерге жасаған қозғалмалы афишалары еліміз бойынша жарнамаланды.

Биылғы форумға Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдері және еліміздің барлық қаласынан 300-ден астам жас қатысып жатыр. Форумның ашылу салтанатында облыс әкімі Серік Шәпкенов сөз сөйлеп, тың бастама көтерген жастарға қай кезде қолдау көрсетілетінін айтты.

- Әлемдік деңгейдегі өзгерістермен, заманауи мәселелермен бетпе-бет келгенде сіздердей жігерлі және шығармашыл жастардың үні ерекше маңызды. Жас буынның ой-пікірі бен ұсыныстары өлкеміздің дамуына жаңа серпін береді. Форум аясында алмасқан тәжірибелер мен идеялар жарқын болашаққа жол ашады деп үміттенемін. Сіздерге белсенділік, шығармашылық шабыт және жаңа табыстар тілеймін. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде қоғам дамуына маңызды жобалар дүниеге келеді деген сенімдемін,-деді С.Шәпкенов.

«Sarayshyq upgrade - 2024» халықаралық жастар форумы 18-19 қыркүйек аралығында өтеді. Форумға қатысуға 1000-нан астам жас ниет білдіріп, оның 300-ден астамы іріктеуден өткен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521