АЭС экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді де шешеді

(0 Votes)

АЭС құрылысы Қазақстанға қаншалықты қажет? Ол тек экономикалық емес, әлеуметтік мәселелерді де шеше ала ма? Соның ішінде жұмыссыздықты жоюға көмегі бола ма?

Бұған қатысты біз тілдескен сарапшылардың өзіндікі пікірі бар, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

– Мұндай мәселе көтерілгенде, алдымен «АЭС Қазақстанға қажет пе?» деген сұраққа жауап іздейміз,- дейді атыраулық ғалым, техника ғылымдарының докторы Бекет Зинешұлы.

– Әрине, ауадай қажет. Әрі біреу емес, бірнешеуі болса. Елімізде электр энергиясын тұтынудан алдағы уақытта тапшылық болуы мүмкін екендігін энергетика саласының мамандары жиі айтып жүр. Бұл жерде токпен жүретін көліктер әлі есепке алынған жоқ. АЭС туралы әңгіме болғанда, басқа өркендеген елдердің АЭС саласындағы жұмыс тәжірибесіне жүгінген дұрыс. Мәселен, Францияда алынатын электр қуатының 80%-ы АЭС-ке тиесілі, ал бұл көрсеткіш Швецияда 75%, Белгияда 65%. Дүниежүзіндегі қуаты жағынан ең мықты, ең үлкен АЭС Оңтүстік Кореяда деген ақпарат бар. Қазір бұл ел тұрақты, кепілдендірілген, арзан энергия көзінің арқасында дамып келеді. Аталған мемлекетте 26, АҚШ-та 142, Жапонияда 52 атом реакторы, жалпы 30-дан астам мемлекетте 400-ден астам АЭС жұмыс жасап тұр екен. Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбановтың пікірінше, біз қазір 100 млрд теңгенің үстінде өзге елдерден энергия сатып алып отырмыз. Ал, оны тұтыну қарқыны жыл сайын 3 пайызға артып келе жатыр. Бұлай жалғаса берсе, 10 жылда энергия қуатының тапшылығы 30 пайызға жетіп жығылатын болады.

– Бүгінде электр энергиясын өндіру станцияларының 70 пайызы көмірмен жасайды, - дейді ол.

– Оның 70 пайыздан астамы әбден тозып біткен. Бұл қоршаған ортаға зор зиян тигізуде. Ал, еліміз жасасқан халықаралық шарттарға көз жүгіртсек, онда «көмір пайдаланатын станциялар 2060 жылдан кейін мүлде болмауы керек» делінген. Ендеше, осы айтылған мәселелерді шешу үшін де АЭС салу қажеттігі туындап отыр. Қазір әлем бойынша 415 ядролық реактор жұмыс жасап тұр. Тағы 60 реакторыдң құрылысы жүріп жатыр. Ең көбі АҚШ-та 94, Францияда 56, Қытайда 56, Ресейде 36, Оңтүстік Кореяда 26, Жапонияда 12 және сол секілді. Олардың жұмыс жасау мерзімі 60, тіпті, 100 жылға дейін жетеді. Бүгінде елімізде екі ірі ғылыми орталық бар. Оның бірі – Курчатов қаласында орналасқан Ұлттық ядролық орталық болса, екіншісі – Алматы қаласындағы Ядролық физикалық институт. Осы орталықтар мен «Қазатомөнеркәсіп» секілді компанияларды қоса алғанда, барлығы 15 мыңнан аса сала мамандары жұмыс жасайды.

Бұдан бөлек, ядролық энергия, физикалық энергия, ядролық физика және атом энергиясы мамандықтары бойынша 253 адам жоғары білім алуда. Одан басқа, расталған уран қоры бойынша Қазақстан әлемде екінші орын алады. Ал, оны бүгінде бүкіл әлемдік нарыққа шығарып сату бойынша бірінші орынды бермей келеміз. Демек, АЭС салынған кезде энергия бағасы едәуір тұрақталып, қолжетімді болады деген сөз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521