Бөлек берілген марапат

(0 Votes)

1991 жылдың 29 тамызында жабылған Семей полигонының ардагерлеріне биылғы мерейтойлары қарсаңында аудандық әкімшілік тарапынан құрмет көрсетілген еді.

Дегенмен ауған соғысының немесе Чернобыль апатының ардагерлеріне қарағанда олардың енді-енді ұйымшылдықпен бастары қосылып жүргендіктен марапат алушылардың алғашқы тізімінде болмағандары да табылып қалып жатыр. Осындай бір жан елеусіз қалмасын деп«Семей-Невада» ядролық апатқа қарсы халықаралық ұйымының батыс аймағы бойынша экология бағытындағы эксперттік комиссия мүшесі Ғазиз Ғабдуллин Атырау жол дистанциясының Мақат кентіндегі №3 өндірістік телімінде қызмет атқаратын Нұрберген Ибрашевқа Семей сынақ полигоны ардагерлерінің Атырау облысы бойынша қоғамдық бірлестігінің төрағасы Білім Қаршегеновтің аманат еткен төсбелгісін табыстады.

Ардагерге «Семей полигоны жабылуының 30 жылдығы» төсбелгісін және Атырау жол дисатнциясының марапатын табыстау мекеме қызметкерлерінің таңертеңгі жиналысы барысында өтті. Бұл ұжымдастарының араларында қандай жанның жүргендігін біліп жүрулері үшін еді.

Нұрберген Ибрашев Атырау жол дистанциясының Мақат кентіндегі №3 өндірістік телімінде 6 разрядты жол жөндеуші болып еңбек етеді. Ол 1963 жылдың 27 мамырында Атырау облысы Қарабатан стансасында дүниеге келген. 1981-1983 жылдары Семей облысы Курчатов қаласындағы әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтеген. Әскерден келген жылдан бері Атырау жол дистанциясында еңбек етеді. Мекеменің, кәсіподақ  ұйымы басшылараның атынан бірнеше мәрте алғыс хатқа ие болған. Өзі де темір жол саласының маманы болып саналатын жұбайы Райхан екеуі 2 баладан немере-жиен сүйіп отырған ата мен әже.

Аудан түгілі облысымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары қалмаған уақытта Семей полигонында болғандардың қадірі арта түскендей. Елі үшін басын бәйгеге тіккен батырларымыз салған ізді кейінгі ұрпақ та жалғастыра берсін деп тіледік.

 

e385d01e-6710-4212-99df-612ff332dac0

                                                                                                           А. Байшуақ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521