Тұңғыш Президент қоры атынан белсенді жастар марапатталатын болады

(0 Votes)
Бүгін ҚР Үкіметінің Қаулысымен балалар мен жастарды белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №249 Қаулысы Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
1. Қоса беріліп отырған Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Асқар Мамин
 
Сондай-ақ, 14-29 жас аралығындағы жастарды патриоттығы мен белсенділігі үшін марапаттайтын ұйым анықталды. Бұл - Тұңғыш Президент қоры. Ол жөнінде Үкіметтің арнайы қаулысы шықты.
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №248 Қаулысы Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып айқындалсын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин


inform.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT