Мақат волонтерлары су таратып сауапқа кенелді (видео)

(0 Votes)

"Асар" атауы қазақ халқының ұғымында үлкен мағынаға ие. Қол көмегін аямайтын ағайынның ықыласымен талай істер "асарлатып" атқарылған.

Волонтер жылында тап осы атауды иеленген аудандық "Асар" еріктілер тобы игі істерімен тілімізге талай рет тиек болып үлгерді. Сағындырып жеткен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін олар тағы бір тартымды іспен бастады. Күн ұзағы ас пен судан тиылатын ораза ұстаушы үшін ауызашар кезінде әсіресе қара судың қадірі ерекше. Құрметті айдың келіп жеткенін көпшілікке сезіндіруі үшін олар 50 бөтелке суға бес құрмадан қосып жұртшылыққа үлестірді. Жалындаған жастық шағында жұртшылықтың көңілін аулап, бастары қосылғанының өзі бір қызық емес пе, олар үшін. Күндерін креативке толы көріністермен өрнектейтін өрелі жастардың қатарына сіз де қосылыңыз.

А.САДЫКОВ  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT