Орақ атаның орамды ойларына қанықтық (Видео)

(0 Votes)

 "Жас Отан" жастар қанатының бір топ белсенділерімен бірге "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында ауданымыздың құрметті азаматы Орақ Деңгелбаев ақсақалдың үйіне болдық.

Өлке тарихына қатысты қандай да бір мағлұмат пен деректің Орақ ағайды айналып өтпейтіні бәрімізге мәлім. Кіре сала ағайдың кітап толы дөңгелек үстеліне көзіміз түсіп, айналасын қоршай жайғастық.

2

Аудандық Жастар  ресурстық орталығының басшысы Ә.Шайзадақызы ерікті жастарды ертіп келгендегі  себебін түсіндіріп, әңгіме әрі қарай сұрақ-жауап бағытында өрбіді. Ағай алдымен аудан тарихы дегенде ойға бірінші болып оралатын мұнай саласы жайлы кеңінен толғады.

3

Оны өндірудегі алғашқы жылдардың мұнайшылар үшін оңайға түспегенін айтып, қиын-қыстау жылдардың естелігін қайта жаңғыртты. Даңқы төске өрлеген стақановшылардың тізімін тілге тиек етуді де ұмыт қалдырмай, жалпы мұнай саласына бағытталып жазылған туындылармен таныстырды.

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

А.САДЫКОВ

Суреттер автордікі

       

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521