Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты аудан әкімі Ш.Кейкинұлының бастамасымен Доссор кенті О.Шаримов көшесінде «Жастар саябағы» ашылды.
Кенттің ажарын ашқан саябақтың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев қатысты. Ол жиналған аудан тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірсе, ардагер Діңғали Дәулетбаев ақ батасын берді.
Саябақтың лентасын ардагер Діңғали Дәулетбаев пен аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қаржауова қиды.
Келушілерді зор қуанышқа бөлеген демалыс орны шынымен де ғажап. Саябақта санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында қоқыс контейнерлерімен қатар бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін орындықтар қойылған.
Жастар саябағы -жастар жылына арналған үлкен сый іспетті.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Cуреттер автордікі