Эстафетаны қабыл алды

(0 Votes)

Бүгінде әлеуметтік желілерде "қит еткенін" хит ете салатын  түрлі  челлендждер сәнге айналған. Ал, бұл жолғысының жөні тіптен бөлек.  Исатай ауданының бір топ жалынды жастары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай  түсірген бейнесәлемдемесін өздерінің фейсбук парақшалары арқылы Мақат ауданының жастарына жолдапты.

Абайдың кім екенін қысқа да, нұсқа түсіндіруге тырысқан исатайлық жастардың бұл бастамасын біздің ауданның жастары лезде қолдап, олар да алып тұлғамыз жөнінде шағын бейнеролик дайындау үстінде. Сағат сайын құбылған кейінгі буынның санасына  ізгіліктің сәулесін ұялататын осындай дүниелер көптеп шығарылса екен дейміз.

А.САДЫКОВ

фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT