Бірлік танытып, тәртіп сақтайық!

(0 Votes)

Еліміздің  Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" атты мақаласы баршамызға ой салатын, дер кезінде жазылған дүние деп білемін.

Расымен де, қазір әлем елдері үлкен жүкті көтеруде. Шипасы таптырмай жатқан пандемия адамзат болашағына қауіп төндіріп-ақ тұр. Осындай сын сағатта біз бірлігіміздің бекемдігін көрсетуге және осы індетпен жан аямай шайқасып жатырған ақ халаттылардың, көз ілмей бекетте тұрған әскерилердің, көше тәртібін сақтап, карантин режимін бақылап жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегін бағалауға тиіспіз. Кері жағдайда бұл оларға деген және өзіңе, тіпті Отаның мен Әлем болашағына балта шабумен пара-пар болмақ!

Қазақ халқы сан қилы кезеңді бастан кешті. Ұлт ретінде жойылып кету қаупі де туды. Сондай қиын күндерден тек бірліктің арқасында ғана шыға алдық. Бірлік арқылы жауларымызды тізе бүктірдік... Бірліктен айырылған кезеңдерде қиындыққа ұшырап отырдық...                                

Сондықтан да Әлем жұртшылығына қауіп төндіріп тұрған пандемиядан бірлік танытып, тәртіп сақтау арқылы құтыла аламыз!

Сәт келді іс қылатын тындырымды,

Сын сағатта жағдайың шын білінді.

Індеттен аман-есен шығу үшін,

Достай көр, қалың елім, бір-біріңді.         

Ғалымжан Орынбаев,

«ASAR» волонтер тобының жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521