Жастар «рингте» кездесті

(0 Votes)

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай аудандық Жастар ресурстық орталығы «Білім - ринг» интеллектуалды сайысын өткізді.

Мекеме жастарының арасында ұйымдастырылған сайысқа сегіз команда қатысты. Атап айтсақ, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінен «Жігер», аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азамат хал актілерін тіркеу бөлімінен «Драйв», А.Құнанбаев атындағы орта мектебінен «Самғау», аудандық полиция бөлімінен «Сақшы», Х.Санбаев атындағы орта мектебінен «Жалын», Л.Шахатов атындағы орта мектебінен «Шахатов жастары», Мақат ауданы әкімдігі аппаратынан «Антикор», аудандық мәдениет, тілдерді дамыту денешынықтыру және спорт бөлімінен «МЖС» командалары сайыс барысында өз белсенділіктерін танытты.

img_7881

Сайысты шешендік өнер мектебінің жетекшілері Нұрлан Азаматов және Ануар Жұмабай жүргізді.

img_7903

Бұл жолғы интеллектуалды сайыс бұрынғыдан өзгерек жаңа форматта өтті. Командадағы 6 ойыншы өздерінің ойлау қабілетіне қарай қойылған сұраққа 1 минут ішінде ойланып, дұрыс жауабын табу қажет болды. Жауап арнайы қағазға жазылып, әділ қазыларға тапсырылды. Уақыттан кешігіп жеткізілген жауап қабылданбады.

img_7930

Сондықтан, бір мезетте сегіз команда өздерінің ойлау қабілеттерінен бөлек, шапшаңдылықтарын да танытып үлгерді. Ойында жалпы 30 сұрақ қойылды. Кейбір сұрақтар команда ойыншыларына жеңіл болса, кейбір сұрақтардың шешімін табу қатысушылар үшін қиынға соғып жатты.

img_7940

Ойын барысында өздерінің ұшқыр ойлары мен тапқырлықтарын көрсете білген «Антикор» және «Шахатов жастары» тобы финалдық бәсекеде кездесті. Бір-бірінен қалыспаған ойыншылар қызықты ойын өрнегін көрсетіп, оза шабуға тырысты. Нәтижесінде Л.Шахатов атындағы орта мектебінің «Шахатов жастары» ұжымы бас жүлдеге ие болды.

img_7939

Мақат ауданы әкімі аппаратының «Антикор» тобы І орын және Х.Санбаев атындағы ора мектебі «Жалын» тобы ІІ орынға ие болса, аудандық полиция бөлімі «Сақшы» тобы ІІІ орынмен сайысты қорытындылады.

img_7963

Сайысқа қатысқан барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Жеңімпаздарға арнайы диплом және мотивациялық бағыттағы кітаптар табыс етілді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521