Атырауда жастар референдум тақырыбын талқылады

(0 Votes)

 Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров белсенді студенттермен және жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен кездесті деп хабарлайды ATPress.kz.

Басқосуда орталық басшысы жастарға 5 маусым күні өтетін референдум жайында түсіндіріп өтті және саяси науқанға үн қосудың ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.

Айта кетейік, кездесуге аймақтағы алты бірдей білім ошағының студенттері қатысты. Серік Қадыров 18 жасқа толған студенттерді референдумға қатысуға шақырып, кәмелетке толмағандарға түсінік жұмыстарын жүргізуге атсалысуға кеңес берді.

Еске сала кетелік, 5 маусым күні елімізде жалпыхалықтық референдум өтеді. Референдум аясында Конституцияның 33 бабына өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.

Эльмира

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика