«Жас экскурсоводтар - 2022» байқауы өтті

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды  «Балалар жылы»  деп жариялауына сәйкес Атырау облысы  Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Атырау  облыстық  тарихи-өлкетану  музейінің ұйымдастыруымен Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында «Жас экскурсоводтар - 2022»  байқауы өтті.

Аталмыш сайысқа 11-14 жас аралығындағы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты қала, аудан, ауыл-аймақтық музей атынан 12 қатысушы қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша сыңға түсті. Олар: «Мен және менің музейім», «Жәдігер сыры» және «Тосын сый» яғни сұраққа жауап беру арқылы сайыс барысы жүргізілді. Әр кезең бойынша ұпай сандары беріліп, өздеріне лайықты баға алды.

Сайыстын қортындысы бойынша, әділ-қазы алқасынын мүшесі Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Бисембаева Динара Аманжолқызы музей басшысының алғыс хатымен

Құрманғазы аудандық тарихи-өлкетану музейінің жас экскурсоводы  Жағыпарова Даяна Наурызбекқызын;

Исатай аудандық тарихи-өлкетану музейінің жас экскурсоводы Игисин Мукарам Мергенқызын;

Исатай ауданы Хамит Ерғалиев атындағы музейінің жас экскурсоводы Қайрғали  Айымгүл  Саянқызын;

Қызылқоға аудандық тарихи-өлкетану музейінің жас экскурсоводы Ізбасқан Нұрдәулет Нұрланұлын;

Индер аудандық тарихи-өлкетану музейінің жас экскурсоводы Әжігерей Мәлікаждар Игорьұлын;

Индер ауданы, Елтай ауылдық музейінің жас экскурсоводы Қайырбай Қуаныш Тұрсынғалиұлын;

Индер ауданы Боран Нысанбаев атындағы «Әскери Даңқ» музейінің жас экскурсоводы Әлібек Анэль Дәуренқызын;

М.Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық қорық музейінің жас экскурсоводы Жанатқызы Кәусарды;

Атырау облысы Палеонтология музейінің жас экскурсоводы Беймжан Нұрасыл Жанболатұлын;

Құрманғазы аудандық тарихи-өлкетану музейінің жас экскурсоводы Жағыпарова Даяна Наурызбекқызын марапаттады.

Сайыс барысында оза шапқан қатысушылар ІІІ, ІІ және І ші жүлделі орындармен марапатталды. Нақтырақ айтатын болсақ, әділ-қазы мүшесі   Тарих пәнінің мұғалімі, педагог-эксперт Есенғалиева Рая Санатқызы ІІІ орын иегерін Мақат аудандық тарихи-өлкетану музейінің жас экскурсоводы Амангелді Кәусар Темірболатқызын арнайы диплом,сыйлықпен және қаржылай  сыйлықпен марапаттады. Жүлделі ІІ орынды Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Гуманитарлық ғылымдар және өнер» факультеті, «Қазақстан дүние жүзі тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Шугаепова Гүлфайруз Шакирқызы Махамбет аудандық тарихи-өлкетану музейінің жас экскурсоводы Мырзабай Фатима Ерболқызын арнайы диплом,сыйлықпен және қаржылай  сыйлықпен марапаттады. Аталмыш сайыстын жеңімпазын «Туған жер» туризм, экология, өлкетану клубының директоры, гид-экскурсовод Елешева Гүлжан Мырзагерейқызы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жас экскурсоводы Адилова  Диана  Алимжанқызын арнайы диплом,сыйлықпен және қаржылай  сыйлықпен марапат тарту етті.

Өткізілген шараға колледж, университет студенттері көрермен ретінде қатысып, қатысушыларға қолдау көрсетті. Барлығы: 150 көрермен болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521