Заң бұзушылықтар орын алған жоқ

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде орналасқан №205 рефрендум учаскесінде дауыс беру белсенді жүруде. Мұнда сағат 16:00-ге дейін 400-ден астам тұрғын дауыс беріп үлгерген.

Жалпы бұл учаскеде 1092 тұрғын дауыс береді деп күтілуде. Вахталық қызметтегі 361 тұрғынға да көшпелі жәшіктер жеткізілді.
Мұнда ререндумның әділ өтуін қадағалаушы бақылаушылар да толық құрамда отырғаны бірден байқалады. Бюллетень алу процесі, жасырын кабинада таңдау жасау, урналарға салу бақылаушылардың жіті назарында.
««AMANAT» партиясы атынан бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері барлық талаптарға сай жұмыс жасауда. Тұрғандар емін-еркін келіп, өздерінің таңдауларын білдіруде. Өазіргі уақытта байқауымыз бойынша ешқандай өрескел қателіктер кетіп жатқан жоқ. Осы тарихи күні алғашқылардың бірі болып өзімде дауыс бердім»,- дейді Мейрамгүл Дүйсенғалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT