Бүгін еліміз бойынша жалпыхалықтық референдум өтіп жатырғандығы белгілі
Ауданымызда осы маңызды күнде туған күнін тойламақ балақайлар да бар екен. Жаннұр Асан 9 жасқа, ал Ахмедияр Бисенбай 6 жасқа жетіп жатыр.
Қатар келген қуаныштарды аудандық ішкі саясат бөлімі елеусіз қалдырмады. Нақтырақ айтқанда туған күн иелері мен олардың ауласындағы көрші балаларға тәттілерді таратып, аниматорлар арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар өз кезегінде білетін патриоттық жаттауларын айтып, ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды
А. Есжан