АТЫРАУДА РЕФЕРЕНДУМДА ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

(0 Votes)


Кеңөзек ауылдық округіндегі N72 референдум учаскесінде келушілерге жәрмеңке ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

Жәрмеңкеде дауыс берушілер азық-түліктер мен қолдан жасалған бұйымдарды арзанға бағаға сатып алуда.

Сондай ақ, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген көрмеге қобыз, торсық, дорба, масатыдан құрақталған көрпелер қойылған. Бұл бұйымдар – жәдігер емес, қолдануға жарамды дүниелер. Ал, қолөнершілер Кеңөзек ауылының тұрғындары. Сондай-ақ, ауылдың өнерлі оқушылары келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT