«AMANAT» жауапкершілікті әр депутатпен бірге бөліседі

(0 Votes)

 Е.Қошанов: 

«Фракцияның өз ішінде біртұтас ұстаным қалыптастыру маңызды. Бірыңғай ұстаным пікірталастың жоқтығын білдірмейді. Талқылау мен пікірталас ауадай қажет. Бірақ, ол Фракция шеңберінде жүргізілуі керек! Және кез келген шешім нұсқау арқылы емес, ортақ келісіммен қабылдануы шарт. Естеріңізде болсын, саяси күресте фракцияның ұстанымы әрқашан бір болуы тиіс. Партиялық жауапкершілік пен тәртіп дегеніміз – осы. Бұл – барлық демократиялық мемлекеттердегі партиялардың базалық принципі. Сонымен қатар, мажоритарлы және пропорционалды жүйемен сайланған депутаттардың өзара іс-қимылын, ынтымағын арттыру да өзекті мәселе.

Тағы да қайталап айтайын: Біз – бір командамыз! Партиялық тізіммен және бір мандатты округтен сайланған депутаттардың құзыреті де, жауапкершілігі де бірдей. Бір мандатты депутаттар халықтың сенімімен, партияның қолдауымен сайланған. Сондықтан, партия сіздерді жалғыз қалдырмайды. Бұған дейін де қолдап келгенбіз және қолдай береміз. Өйткені, әр депутаттың уәдесі – партияның да уәдесі. «AMANAT» жауапкершілікті әр депутатпен бірге бөліседі»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT