«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы өткізілуде

(0 Votes)

 Аудан көлемінде 07-13 маусым аралығында  Атырау облыс Полиция департаментінің  нұсқауымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акция іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында  мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындарын тексеріп анықтау үшін рейдтік іс-шаралар өткізіліп, отбасыда кәмелетке толмағандарға қатысты орын алатын қылмыстардың алдын-алу, оларға құқықтық көмек көрсету. Жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізіледі.

Аталмыш іс-шараның мақсаты, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу.

Сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу еді.

Жедел профилактикалық іс-шарасында полиция бөлімінің жеке құрамының барлық қызметкерлері жұмылдырылып, аудан көлеміндегі жұмылдырылған күштер белгілі бір бағытта бөлініп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау үшін олардың алдын алу мақсатында, жоспарлар мен шаралар, рейдтер ұйымдастырылуда.        

 

Қ.Нұржанов,

Мақат АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ КТІЖ инспекторы

полиция аға лейтенанты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521