Қазақстандық профессор балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынатынын айтты

(0 Votes)

ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Разила Егембердиева Қазақстанда коронавирусқа қарсы балалар мен жасөспірімдерге вакцина егу жоспарланатынын жеткізді.

Оның пікірінше, балалар мен жасөспірімдерге вакцина егу өте қажет.

«Балалар контингентінде коронавирус ауруының жиілеуі туралы мәліметтер көбейіп келеді және олардың арасында ауыр жағдайлар тіркелген.

Ресей ғалымдарының айтуынша, COVID-19-ға қарсы барлық үш вакцина педиатрияда алдағы уақытта қолданылады, бірақ балалардың дозасы ересек адамнан әртүрлі болуы керек. Менің ойымша, біз балаларға вакцина егуді ұсынатын кезеңге де жақындаймыз», – деді Егембердиева.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз