Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында көрсетілген міндеттемеден кейін 2020 жылдың 19 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң кабылданды. Үш буынды модельде полиция, прокурор және сот өкілеттіктері нақты бөлінген.
Жаңа форматтағы қылмыстық процестің негізгі мақсаты - үш буынды модель қалыптастыру. Бұл дегеніміз, бірінші қудалау органдары кылмыс құрамының бар-жоғы анықталады. Күдіктіге қатысты дәлелдердің заңды әрі толык жиналуы қадағаланады. Дәлел толық болып, заң аясында жиналса, онда прокурорға жолданады. Екіншіден, прокурор істі жан-жақты объективті түрде қарайды, прокурордың келісімі болған кезде ғана шешім заңды болып саналады. Прокурордың жауапкершілігі артады, күдіктіге катысты дәлелдер жеткілікті болғанда ғана келісім береді. Тергеу істері жалғасып, сотқа жіберіледі. Үшінші Сот өз тарапынан - түпкілікті шешім кабылдап, үкім шығарады.
Аталған қылмыстық процестің үш буынды моделі - азаматтардың соның ішінде күдіктінің де, жәбірленушінің де конституциялық құқықтарын қорғауға және қылмыстық процестің шеңберінде негізсіз тарту фактілерін болдырмауға, жалпы тергеп тексерудің объективтілігін қамтамасыз етеді және жоғары халықаралық стандарттарға жауап береді.
Мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, құқықтық статистиканың ашықтығы мен анықтығын камтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған.
Аудан прокуратурасының баспасөз қызметі
Сурет: ашық дереккөз