Зорлық-зомбылыққа жазаны қатаңдатпақ

(0 Votes)

Мойындау керек, зорлық әлемнің барлық елінде кездеседі. Десек те, отбасы құндылығын сақтап қалу -  басты міндет. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда заңнаманы әрі қарай жетілдіру үстіне жетілдіру қажет.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі саудасы үшін жазаны күшейтуді тапсырған болатын. Әсіресе, балаларға қарсы қылмыс үшін жазаны қатаңдатуды баса айтты.

"Біз сот төрелігінің шектен тыс және репрессивті шаралары мен қатал жазалау тәжірибесінен алшақтадық. Алайда елімізде көптеген ауыр қылмыс әрекеттері бар. Біз заңнаманы ізгілендірумен айналысып, азаматтардың негізгі құқықтары туралы ұмытып барамыз. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажет. Бұл менің үкіметке беретін тапсырмам", - деді Президент Жолдауында.

Қазақстан – зайырлы мемлекет, сондықтан азаматтарымыз ар-ождан бостандығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Мемлекет басшысы айтқандай, өз бетімен дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін қандай да бір іс-әрекетке қарсы тұратын уақыт жетті.

К.Серікбаева

КТІЖ инспекторы, аға лейтенант

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521