Төраға тоғыз айды қорытындылады

(0 Votes)

 Мақат  аудандық сотының төрағасы Г.А.Чингисов брифинг өткізіп, 2019 жылдың  9 айындағы атқарылған жұмыс нәтижесін қорытынтылады.

Анықтағанымыздай, аталмыш тоғыз айда қылмыстық істер бойынша сот өндірісіне 36 адамға қатысты 27 қылмыстық іс келіп түсіп, оның 35 адамға қатысты 26 іс қабылданып, қаралып аяқталған. Үкім шығарумен аяқталған 25 адамға қатысты қылмыстық істердің саны 20 болса, абырой болғанда аса ауыр қылмыстық іс қаралмаған екен. Ал, 63-і бап бойынша 7 іске қатысты 7 шара қолданып, медиацияны қолданып 3 іс қысқартылған. Айта кетерлігі ағымдағы жылдың 9 айында сотпен қайта тергеуде бірде бір іс болмаған.

Белең алған қылмыстық істер туралы білгенімізден кейін, сұрақты азаматтық істердің аналитикалық көрсеткішіне бұрдық. Бұл бағытта сот өндірісіне 252 азаматтық іс келіп түсіп, сот бұйрығы арқылы 45 азаматтық іс қаралған. Бір қынжылтатыны, сот тарапынан беріліп отырған бұйрықтың бәрі - ата-анасының баласы үшін алимент төлеуіне бағытталған. Әттең ажырасқан жанұялардың саны мүлдем болмағанда, мұнша көрсеткіштерді көзіміз де шалмас еді. Шешім шығарумен аяқталған 97 істің 30-ы қысқарған екен. Сол отыздың 20-сы медиацияның ықпалымен, 10-ы бітімгершілікпен бітсе, партисипативтік қысқарған іс жоқ. Жалпы ұзын саны 120 іс осы медиацияны қолданумен қысқартылса, сот өндірісіне қаралып, аяқталған 232 азаматтық іс болған.

«Сағызша  шұбатылған» сандардың дерегін құрап тұрған есептік кезеңде  түскен азаматтық істердің категориялары әр-түрлі болып келеді. Атап айтсақ:  жұмысқа қайта орналастыру , лажсыз бос жүрген күндеріне еңбек ақы өндіру, неке бұзу, қарыз ақша өндіру, балаға алимент өндіру, заңдылық маңызы бар фактіні анықтау және коммуналдық бережақ ақшаларды өндіру,  мүлікті бөлу  т.б туралы.

Есептік көрсеткіштердің ендігі бөлігін әкімшілік істерге ойыстырсақ. Жоғарыда көрсеткен уақыт ішінде 276 әкімшілік іс келіп түсіп, 438 іс тап осы сандағы адамға қатысты қаралып аяқталған. Соның біреуі іс мәні бойынша қарауға жолданса, 4-іс қаралу үстінде екен. Қысқарту ісі бұл жерде де қалыс қалмай, 2 іске  медиацияны қолданып, өз жемісін берген.     

Тәулік бойы қарбаласқан істермен тыным таппайтын аудандық сотының кеңсесі қазіргі заманға сай толық деңгейде компьютерлік техникалармен жабдықталған.  «Төрелік» бағдарламасы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесімен сот кеңсесінің  мамандары  танысып,  жұмыс  істеуде.

Материалды толықтай газетіміздің 1-ші қараша күні шығатын нөмірінен оқи аласыздар.

 А.САДЫКОВ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521