"Толағайда" мақал айтып, жұмбақ шешті

(0 Votes)

А.Құнанбаев атындағы орта мектебінде оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында "Толағай" сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш байқауға 6-7 сынып оқушылары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады.

Алғашқы кезеңде оқушылар топтарын таныстырып өтті. Келесі "Білгір" кезеңінде қатысушылар қасықпен кішкентай шарларды мәреге жеткізіп, есеп шығарды.

73420308_750570655371098_1496982259423510528_n

"Кім жылдам?" бөлімінде оқушылар шеңберді айналдыру арқылы, берілген жұмбақтын жауабын тапты. "Секіртпемен жүгіру" кезеңінде оқушылар секіртпемен кедергілердің арасынан жүріп өтіп, мақалды жалғастырды. "Ептілік" сайысында су тасып, берілген амалдарды орындады. "Қапшықпен секіру" кезеңінде ойыншылар кедергілер арасынан қапшық арқылы секіріп өтіп, қызықты сұрақтардың жауабын тапты.

75354878_750570608704436_5432741735149076480_n

Сыныптастар жанкүйер болып, қолдау көрсетті.

Тартысты өткен сайыста «Барыс» тобы жеңіске жетті.

М.Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521