Зиянды әдет – қоғамдық дерт

Зиянды әдет – қоғамдық дерт
фото: gkob1.ru
(0 Votes)

 Алкоголге тәуелділік – заманауи қоғамдағы жаһандық мәселелердің бірі. Оны тұтыну – адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін ауыр зардаптарға әкеледі.

Аудандық аурухананың дерегіне сүйенсек, ауданда алкоголизм бойынша естепте тұрған 60 адам бар. Оның ішінде мамандар Мақат кенті бойынша – 1, Доссор кенті бойынша – 1 адамды мәжбүрлеп емдеуге дайындап жатқандығын айтады.

«Алкоголизммен күресу – бұл адам денсаулығы мен болашақ ұрпақ үшін күрес. Алкоголизмнің ең жақсы алдын алу – жас кезінен бастап алкогольдік ішімдіктерден толық бас тарту. Алдын алу салауатты өмір салтын ұстанатын және алкогольді пайдаланбайтын отбасында басталуы керек. Жастарға алкогольді ішудің салдарын түсіндіру және халықты салауатты өмір салтына ынталандыру қажет. Алкогольдің зияны және одан бас тарту жолдары туралы білімге ие болу салауатты өмір салтын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады және бұл қорқытудан гөрі тиімдірек. Алкогольсіз өмір сүрудің стресстері мен қиындықтарын жеңе білу – бұл дамытуды талап ететін дағды. Алкогольге тәуелділікке тап болғандарды қалпына келтіруге және оларды салауатты өмірге оралтуға көмектесу үшін медициналық және психологиялық көмек қажет. Жасөспірімдердің маскүнемдігі мәселесі ерекше назар аударуға тұрарлық, өйткені жастар – біздің болашағымыз.

Біз осы ретте мектеп қабырғасындағы жасөспірімдермен кездесулер өткізіп, аталған тақырыпта жадынамалар таратып, уақытылы лекциялар жүргізіп отырамыз. Одан бөлек алкоголизмнің алдын алу бағыты бойынша аудандық тұрғыда әртүлі жұмыстар атқарылып жатыр», - дейді аудандық орталық аурухананың әлеуметтік психологі Жарқын Құлданбайқызы.

Негізінде, алкоголизм – спирттік сусынмен байланысты зиянды әдет және ауыр дерт.

Ол тек физиологиялық тәуілділікке ұшыратып қана қоймай, психологиялық тұрғыдан да адамды басыбайлыққа салатын құдіретке ие. Сонымен қатар, экономикалық, әлеуметтік және жеке проблемаларға тап қылады. Ол тек тәуелді адамның ғана емес, оның отбасын, туған-туыстарының өмірін әуре-сарсанға салады.

Өкінішке орай, көбісі алкогольдің қаншалықты зиян екенін біле тұра, оны қолдануды тоқтата алмай келеді.

Сонымен, осы зиянды әрекеттен мүлде бас тартуға бола ма деп, бір-екі минут толғанғаннан нақты бір шешім шығарамын деп ойламаңыз. Ол үшін нық қадам жасау керек. Егер ол біз ойлағандай оңай нәрсе болса, әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллион адам спирттік сусынның құлы болып жүрмес еді.

Негізінде, алкогольден құтылу – кез келгеннің қолынан келетін шаруа. Бұл орайда, бұрын тоқтаусыз ішіп, қазір ол бодандықтан құтылғандардың мысалын көптеп келтіруге болады», - дейді мамандар.

Сонымен қатар, олар бұл дерт адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіретіндігін ескертіп, маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа итермелейтіндігін жеткізді.

Иә, салауатты өмір салтын ұстану және алкогольден бас тарту арқылы біз өз денсаулығымызға және қоғамымыздың болашағына қамқорлық жасай аламыз.

Ол үшін жағымсыз салдарды азайту үшін білім беру арқылы, ақпараттандыру, саналы мәдениетті қалыптастыру, қолжетімділікті реттеу және қолдау көрсету арқылы алкогольді тұтынудың алдын алу қажет.

Өйткені, бірлескен күш-жігер арқылы ғана алкогольді тұтынуды азайтуға және қоғамдық денсаулықты жақсартуға қол жеткізуге болады.

Ж.Утешов,

аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT