Елімізде биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялаған болатын. Бұл жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, сонымен қатар жастарды осы саладағы жұмысқа тартуға және еңбек адамының қоғамдағы беделін жоғарылатуға бағытталған бастаманың бірі.
Осы ретте елімізде жұмысшы мамандықтары жылына орай әртүрлі ауқымды шаралар қабылданып жатыр. Соның бірі жұмысшы мамандықтарының еңбекақысын көтеру және оларды мемлекеттік наградалармен марапаттау.
Бұл менің ойымша қызмет саласы елене бермейтін, алайда еңбегі ауыр жұмысшы мамандарына деген құрметтің артуы деп білемін.
Жалпы бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Сәйкесінше, өндіріс орындары да кеңейіп келеді. Бұл жұмыс күшінің артқандығын білдіреді. Сол себепті мектеп бітіруші түлектер мамандық таңдарда осыны ескерсе жақсы болар еді. Сонда ғана еліміздегі мамандар тапшылығы жүйелі шешімін табатын болады.
Ботакөз Асхатқызы