Мамандық таңдау – кез келген адам үшін маңызды шешім. «Мамандықтың жаманы болмайды», демекші қазіргі таңда кәсіптік мамандықтарға айрықша көңіл бөлінуде.
Соған сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшылар мамандықтар жылы» деп жариялады.
Расыменде еліміздің өркендеп дамуына, экономикасының жандануына жұмысшы маман иелерінің атқарып жатқан жұмыстары орасан зор. Бұл ретте кәсіптік білімді жетік меңгерген мамандарды даярлау да күн тәртібінде тұр. Өз кезегінде жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту үшін кәсіптік білім алудың оңтайлы жолдарын ұсынып, оларға мемлекеттік гранттарды көптеп бөлуіміз керек. Сұранысқа сай мамандарды дайындау заман талабы. Сондықтан жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттырып қана қоймай, олардың білім алуына, жұмыспен қамтылыуна бірізді жұмыстар атқарылатын болса аталмыш салада кадр тапшылығы болмайды деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттырып қана қоймай, кәсіби мамандардың санының артуына ұйытқы болмақ!
Ж.ҚАМЗА