22 ақпан күні облыс аумағында қалың қар түсуі салдарынан тас жолдардың көктайғақ болуына байланысты Атырау-Ақтөбе-Астрахань тас жолында Атырау облысы полиция департаментінің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін көлік құралдарын қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізуде. Ақтөбе облысының бағытына 260-қа жуық көлік полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жөнелтілді.
Құрметті көлік жүргізушілері! Ауа райының қолайсыздығына байланысты өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндірмеу үшін алыс сапарлардан уақытша бас тартып қауіпсіздік сақтауыңызды сұраймыз!