Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте өтіп жатқан Stem Hanym білім беру курсы аяқталды. Бағдарлама 5 күн бойы жалғасын тапты. Қорытынды шарада құрманғазылық 60-қа жуық педагогке арнайы сертификат табысталды.
-Сертификаттау – тек бастамасы! Біз түлектеріміз құрған командаларды чемпионаттарға дейін жеткізуді мақсат етеміз. Үздік түлектер өз мектептерінде үйірме ашу үшін жеке LEGO Education жиынтықтарын алады. Одан кейін біз оларды FLL (FIRST LEGO League) жарыстарына тіркеуге көмектесіп, республикалық және халықаралық жарыстарға дайындық кезінде әдістемелік қолдау көрсетеміз.
Жақын арадағы жылға қойған басты мақсатыңыз қандай?
Біздің мақсатымыз – мультипликативті әсер. Біз 60 адамды сертификаттаумен шектелмейміз. Біз келесі оқу жылында Атырау облысында кем дегенде 300 жаңа STEM-үйірме ашылуын және жаттықтырушыларымыздың өз оқушыларын алғашқы FLL чемпионаттарына дайындауын қалаймыз, - дейді “Ustem Foundation” баспасөз хатшысы Мадина Мадреймова.
Айнагүл Шакупова