«Құрақпен тігілген үміт» ұлттық құндылықты дәріптейді

«Құрақпен тігілген үміт» ұлттық құндылықты дәріптейді
(0 Votes)

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы ұйымдастырған «Демеу» конкурсының жеңімпазы атанған «Хиуаз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тамара Ерсейітованың «Құрақпен тігілген үміт» жобасы – ұлттық құндылықтарды, соның ішінде құрақ құрау өнерін жас ұрпақ арасында жаңғыртып, кеңінен насихаттауға бағытталған. Бұл туралы Атырау қаласындағы «Нұрлы тал» этнопаркінде өткен іс-шарада кеңінен таныстырылды. 

Жобаның мақсаты – дәстүрлі қолөнер арқылы жастардың танымын арттырып, тарихи мұраны, рухани тәрбие мен эстетикалық талғамды ұштастыра отырып, құрақ көрпе тігу ісін жүйелі түрде үйрету.

–Бұрынғы аналарымыз жас жұбайларға арнап арнайы құрақ көрпе тігетін болған. Қыз ұзатылғанда да жасауға міндетті түрде құрақ бұйымдар қосылатын. Бұл – тек көрпе емес, ана тілегі, отбасыға деген ақ батаның көрінісі. Біз осы дәстүрді бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, оларды ұлттық өнерге баулып, салт-дәстүрімізді жаңғыртып келеміз, — дейді жоба авторы Тамара Ерсейітова.

Айта кету керек, «Құрақпен тігілген үміт» жобасы – тек қолөнер үйрету курсы емес, бұл – ұлттық сана мен тарихи жадыны жаңғыртудың жолы. Атырау облысының азаматтық секторында жүзеге асып жатқан мұндай бастамалар қоғамдық сананы жаңғыртуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға зор үлес қосуда.

Тоғжан ЕРМЕК

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT