Жоғалған 5 жасар қызды іздестіру тәсілдері өзгерді

(0 Votes)

Қостанай облысының полиция департаменті жоғалған 5 жасар Мадинаны іздестіру тәсілдерін өзгертті. Енді тәртіп сақшылары мен еріктілер баланың мінез-құлқындағы ерекшелігін ескеріп, іздестіруді тыныш режимде жүргізіп жатыр.

«Іздеу шараларының тактикасы мамандар ұсынысы негізінде өзгертілді. Іздестіру баланың мінез-құлқындағы ерекшелігін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатыр. Аумақты тінту бағыты да өзгерді. Егер бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады. Түнде адамды дене температурасының жылуымен анықтайтын тепловизорлар арқылы іздеу тактикасы қолданылды. Таңертең төрт бағыт бойынша 100 шақырымға дейінгі іздеу аймағын қайта жүріп өту жұмыстары басталды», - деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521