Мақатта жыл басынан бері 5 өрт оқиғасы тіркелді

(0 Votes)

Облыс аумағында биыл 7 айда 159 техногендік сипаттағы өрт оқиғасы тіркеліп отыр, деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Ол өткен жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға азайған. Ал, зардап шеккендер 11 адам, оның көрсеткіші 8,3 пайызға төмендеген. Өкінішке орай 2 адам қаза тапқан.
2021 жылы – 181 өрт тіркелді. Өрттің басым бөлігі тұрғын үйлерде (69), автокөліктерде (46) орын алған.
Оның ішінде Атырау қаласы аумағында - 100, Жылыой ауданында - 16, Қызылқоғада - 8, Құрманғазыда - 8, Индерде - 5, Мақатта - 5, Исатайда - 7, Махамбетте - 8 техногенді төтенше жағдай деректері тіркелген.
Тілсіз жаудың шығу ошақтарына келер болсақ, тұрғын үй секторында – 63, автокөліктерде – 41, көп қабатты үйлерде – 20, сауда орындарында – 7, басқада обьектілерде – 26.
Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521