Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы — еліміз үшін маңызды бастама. Бұл шешім жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін арттырып, жастарды техникалық білім алуға ынталандыруға бағытталған. Себебі жұмысшы мамандықтары еңбек нарығында өте қажет әрі сұранысқа ие болып отыр.
Бұл бастама арқылы жастарды инженерлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндірістік және басқа да техникалық салаларға тарту, білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатында колледждер мен жоғары оқу орындарына назар аудару жоспарлануда.
Сондай-ақ қоғамдағы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, олардың маңыздылығын түсіндіру арқылы экономиканың дамуына ықпал етпек. Осы шараның нәтижесінде жастардың кәсіби дағдыларын дамытып, жұмыссыздықты төмендетуге, өндірістік және қызмет көрсету саласында жоғары сапалы мамандарды даярлауға мүмкіндік туатыны сөзсіз.
Диана Ізбасар
Сурет ашық дереккөзден