Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Осы орайда №1 қалалық кітапхана мен Жылыой аналар кеңесінің ұйымдастыруымен С.Өтебаев атындағы ЖМЖГТ колледжінде «Мамандығым – мақтанышым» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында өз мамандықтарының қалаулысы, С.Өтебаев атындағы ЖМЖГТ колледжінің автоматтандыру, технологиялық құбырларды монтаждау, электромонтер, құрлысшы, дәнекерлеуші, тамақтандыруды ұйымдастыру, автомобиль жөндеу т.б. арнайы пән оқытушылары Ж.Ізбасов, Е.Шәріпов, Ж.Берікұлы, Р.Кенжеғалиева, С.Жұмашева, Г.Әділова, О.Көшербаева, Р.Атыраубай, А.Мұқашов, М.Амиева, С.Сәденова, Қ.Жанәлиев жастардың болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру, мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өз ойларымен, тәжірибелерімен, жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел барысында осы оқу орынының белгілі бір мамандықта білім алып жатырған студент жастары да шараға қатысып, мамандыққа байланысты «Менен сұрақ, сенен жауап», «Әріпті мамандық» ойындары мен «Мамандық» сөзжұмбақтарға И.Абдуллаев, П.Жеңісбекұлы, А.Наурызбай, Г.Қалиева т.б. белсенділік көрсетіп, өз білімдерін сынға салды.
Жылыой аналар кеңесінің мүшелері М.Алғазиева мен Ғ.Сәренова колледж ұжымына, студенттерге алғыс білдіріп,бұл бастаманың жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталғандығын айтып өтіп, тілектерін жолдады.
Кітапханашы Қалдыбаева Ғалия «Жұмысшы мамандығы - ел экономикасының тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кешті дайындап жүргізген аналар кеңесінің мүшесі, №1 қалалық кітапхана меңгерушісі Нұрсұлу Самсақызы келген оқырмандарға, кеш қонақтарына алғысын білдіріп, сыйға кітаптар ұсынып, кешті қорытындылады.