Жемқорлықсыз болашақ

Сурет: ашық дереккөз
(0 Votes)

 Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау жұмыстарын жүргізу мемлекеттің басты міндеті екенін айтқан болатын.

 “Сыбайлас жемқорлықпен жүйе­лі түрде күресу – аса қажетті жұмыс. Бұған еш күмән жоқ. Мемлекет жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтау ғана емес, жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жолында ең озық халықаралық стандарттарды, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы енгізіп жатқан талаптарды басшылыққа алады. Бұл – өте жоғары талап, біз соған сай болуымыз керек. Бұған қоса, мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге жауапты мекеменің басшыларына науқаншылдыққа салынбай, байыпты шешімдер қабылдау қажеттігін үнемі айтып отырамын”,- деді Мемлекет басшысы.

Иә, бүгінде мемлекетіміз “Заң мен тәртіп” қағидаттарына негізделген әділетті мемлекет құру үшін бірқатар шаралар қабылдауда.

Соған сәйкес Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып, жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Бірақ, ұмытпау керек бір дүние ол - сыбайлас жемқорлық адамдардың пиғылымен жүзеге асатын процесс екендігі.

Сондықтан да жемқорлықтың алдын алуда тек мемлекет емес, тұтас ұлт болып күресуіміз керек.

Сонда ғана сыбайлас жемқорлық азайып, әділетті Қазақстан құра аламыз деп ойлаймын.

Ш.Ишанғалиев,

ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT