Қабілетті жастар - ел болашағы

Сурет: ашық дереккөз
(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Ана тілі” газетіне берген кезекті сұхбатында түрлі жиындарда жастар туралы жиі айтатынын жеткізген болатын. Олардың болашағын ойлап, шын жүректен тілеулестік білдіретінін сөз етті.

“Еліміздің тағдыры – жастардың қолында. Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатыр­мыз. Бұл – әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні. Бүгінгі жастар біздің жас кезімізге қарағанда әлдеқайда көп біледі. Қазіргі технология дәуірінде бұл – қалыпты нәрсе. Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін.

Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын ­қалаймын” - дейді ел басшымыз сұхбатында.

Иә, жастарымыздың болашағы бәрінен маңызды. Келешек ұрпақтың саналы, білімді болып өсуіне елімізде барлық жағдай жасалған. Тек жастарымызда ынта мен жауапкершілік танытса нұр үстіне нұр болады. Сондықтан да еліміздің ертеңі үшін жастарға артар үміт мол. Болашақ мықты ел болуымыз жастарымыздың қолында.

Гүлмира Омарова,

Мақат балалар өнер мектебінің домбыра- тенор ұстазы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT