Райымбектің қоржынында - қос алтын

(0 Votes)

Былтырғы жазда олимпиадада кеткен есемізді параолимпиада қатысушылары қайтарғаны белгілі.

Өмірін спорт саласына арнап мүмкіндіктері шексіз екендіктерін дәлелдеп жүргендердің қатарында мақаттық жеңіл атлет Райымбек Құмар да бар.

16-21 маусым күндері аралығында Алматы қаласында пара-жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. 17 облыстан жиналған 280 мүмкіндігі шектеулі спортшының басын қосқан бәсекеге Атырау облысының «Мүгедектердің спорттық клубы» командасы да қатысты.

Аталған команда мүшелері барлығы 15 алтын, 13 күміс, 11 қолаға қол жеткізіп, сайыстан олжалы оралды. Оның ішінде 100 метр және 200 метр қашықтыққа жүгіру бойынша 2 алтынды жерлесіміз Райымбек Құмар әперді.

3 жылдан бері пара-жеңіл атлетикамен тұрақты түрде айналысатын Райымбек жаттығуларын негізінен Атырау қаласында өткізеді. Ол осы уақытта бірнеше мәрте облыс чемпионы болып үлгерген.

А. Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521