Қоғамдық қабылдау мәселені шешеді

(0 Votes)

"AMANAT" партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі 2022 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысын шығарды.

Қоғамдық қабылдау – халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алынған үздік жоба. Мұнда партия халықты ашық форматта қабылдайды және бірінші кезекте тұрғындардың өтініші мен құқықтары басты назарға алынады.

Сондықтан арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, арыз-шағымы, өтініштері бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне барлығы 126 өтініш түскен. Оның 58 (46,31%) оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, тақырыптық қабылдаулар мен акциялар аясында қабылдаулар өткізіліп, 18 адам партия көмегіне жүгінген. Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 29 (23,1%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 19 (15,7%), жұмысқа орналасу – 37 (29,36%), тұрғын үймен қамтамасыз ету – 26 (20,63%), білім беру – 7 ( 5,55%), медициналық қызмет көрсету – 8 (7%) мәселелері алаңдатты.

Қоғамдық қабылдаулар көптеген азаматтар үшін мемлекеттік органдар және депутаттармен байланыс үшін тиімді құрал болып отыр. Қабылдау негізінде түскен барлық ұсыныстар мен сұрақтар мемлекеттік мекемелер басшылары тарапында бақылауда болып, тиісті шаралар атқарылып келеді. Тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетіледі»,- дейді "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ә.Қаржауова.

Халықтың басындағы күрмеулі мәселелерді шешіп, елдің алғысын арқалаған партиялықтардың бұл бағыттағы жұмысы алдағы уақытта да жүзеге аспақ.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521