ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТЕРЕҢ СЕЗІНУ КЕРЕК

(0 Votes)

Соңғы жылдары халық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын асыға күтетін болды. Себебі, онда ел үшін аса маңызды мәлімдеме жасалып, ел дамуына тың бағыт беріп келеді. Сол сияқты биылғы Жолдауда ел көңілінен шықты.

 Жолдауда айтылған ерекше мәселе – 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында:

«Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі» деді.

«Адамды адам еткен – еңбек» дегендей, адамдықтың бір анықтамасы – еңбек. Ендеше, қоғамның да қоғам болуы еңбекпен тікелей байланысты. Қорыта айтқанда, бұл Жолдау – еліміздің алдағы даму жоспарын айқындап, болашаққа берген темірқазықтай болды. Жолдауда барлық сала қамтылып, өзекті деген мәселелер түгел айтылды. Өз сөзін «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп түйіндеген Мемлекет басшысы біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте екендігін атап өтті. Ендеше салихалы да, салмақты ой айтылған Жолдауды қолдай отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еліміздің дамуына үлес қоса берейік дегім келеді.

Сағидолла ЯҚЫП,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521