«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша е-Atyrau ақпараттық жүйесі толыққанды ықпалдастырылмауына байланысты қызмет алушының мүлігінің бары немесе жоқтығы туралы ақпаратты алу колжетімсіздігі себебінен қызмет алушылардан артық құжаттар сұрату және өзгеде мәселелер орын алды.
Департаменттің жедел әрекеті нәтижесінде артық құжаттарды сұратпау мақсатында аталған мемлекеттік қызметті е-Atyrau ақпараттық жүйесімен көрсетілуі тоқтатылып, қазіргі таңда elicense.kz ақпараттық жүйесімен көрсетілуде.
Бұдан бөлек, 2024 жылдың 9 ай қорытындысына сәйкес Департаментпен жүргізілген жоспарлы тексеріс нәтижесінде облыс бойынша қызмет көрсету кезінде қызмет алушылардан 391 стандартта көзделмеген және 113 ақпараттық жүйеден алынатын құжаттар талап етілгендігі анықталды.